Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтынбек Сәрсенбаев тірі болса, сайлауға да түспес едім» – Ардақ Назаров (видео)

25.11.2024, 10:05 62

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында саясаткер Рысбек Сәрсенбай туралы ойын жеткізді.

Мәжіліс депутаттығына бір мандатты жүйемен сайлауға түскен уақытта саясаткер Рысбек Сәрсенбайды әділ жеңдім деп есептейді. Журналистер өзінен Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Рысбек Сәрсенбайға сайлауда жол бергенін сұрағанда «таныс емеспін» деп жауап бергенін, бірақ олар «Сәрсенбайды танымаймын» деп айтты» деп сөзін бұрмалағанын айтты.

«Рысбек Сәрсенбайды «танымаймын» дегенім жоқ, «таныс емеспін» деп айттым. Рысбек ағаны да, Алтынбек ағаны да жақсы білем ғой. Алтынбек ағамыз – елге қызмет еткен азамат, Рысбек ағаның да атағы дардай, елді ойлап жүрген азамат ретінде сыйлаймын. Мен өзімнің бір рудан болған ағамды қалай танымаймын?! Әлі күнге дейін аман-сәлемім түзу. Ағам ретінде құрметтеймін. Мысалы, егер Алтынбек Сәрсенбаев ағамыз тірі болып депутаттыққа түскенде өзімнің кандидаттығымды да мүлдем бермес едім. Мәжіліс депутаттығына кандидаттыққа ұсынылып, саяси доданың тура жарым жолынан асқан кезде, Нұрқаділовтің баласы өзінің кандидаттығын алып, жолын Рысбек Сәрсенбайға беріпті деген әңгіме шықты. Ол да (Рысбек Сәрсенбай) өз деңгейінде ұлтқа қызмет жасап жатыр ғой, аман болсын. Біз де өз деңгейімізде қызмет жасаймыз», – деді Ардақ Назаров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: