HALYQLINE.KZ Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы синоптиктер хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде жауын-шашын түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.
«Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарына қарлы беткейлерге шықпау ұсынылады. Тауда абай болыңыз!» – деп хабарлады Алматы ТЖД өкілдері.
Сонымен қатар, еліміздің метеоқызметі Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары аумағында температура бағамы көтеріліп, жауын-шашын түсу болжамына байланысты 2021 жылғы 28-29 наурыз аралығында қарқынды түрде қар ериді деп болжап отыр.
Фото: Tengrinews.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!