Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алимент өндіріп алу үшін прокуратура мен Yandex бірлесіп жұмыс істемек

10.02.2026, 9:30 31

Алматы қаласының прокуратурасы мен Yandex компаниясы алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау бағытында ынтымақтастық орнатты. Тараптар осы мақсатта өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойған. Қадағалаушы органның мәліметінше, алимент берешегінің жиналып қалуы көбіне борышкерлердің өзін ресми түрде жұмыссыз ретінде көрсетуімен байланысты. Алайда іс жүзінде олардың бір бөлігі такси сервистері мен онлайн платформалар арқылы табыс тауып жүргені анықталып отыр.

Мәселен, өткен жылы осындай 110 дерек тіркелген. Оның ішінде 57 адамға әкімшілік шара қолданылған, ал 10 іс бойынша тергеу амалдары басталған.

Енді прокуратура мен Yandex компаниясының өзара әрекеттестігі арқылы сервисте табыс табатын, бірақ алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың кірістері анықталып, заң аясында өндіріп алу шаралары күшейтілмек. Құзырлы органдар бұл қадам баланың құқығын қорғауға, алимент төлеу тәртібін күшейтуге және табысын жасыратын борышкерлерге тосқауыл қоюға бағытталғанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: