1. Ақымақтарға алғыс айтайық. Олар болмағанда, басқаларға жетістікке жету қиын болар еді.
Марк Твен
2. Қызғаншақтар мен ішітарларға да алғыс айтуға болады. Олар адамды жігерлендіреді, одан сайын қамшылайды.
3. Өзінің әрбір игі ісіне алғыс талап ету – оны саудалауды білдіреді.
А. Декурсель
4. Жақсы істі алғыспен қабылдаған адам, оның алғашқы жарнасын төлейді.
Сенека
5. Ақылды адам алғыс айтудан ауырсынбайды.
Э. Бульвер-Литтон
6. Біреуге жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.
А. Куприн
7. Жалынға оның жарығы үшін алғыс айт, бірақ елеусіз қалған шырағданын ұмытпа.
Рабиндрант Тагор
8. Берген үндемесін, алған айтсын.
Сервантес
9. Мен тағдырыма тек екі нәрсе үшін алғыс айтамын: испандық болғаным үшін және мен Салвадор Далимын.
Сальвадор Дали
Бекмырза Сырымбетұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!