Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу маусымына дайындық пысықталды

03.09.2025, 9:15 182

Жалағаш аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде алдағы 2025-2026 жылу беру маусымына дайындық және күзгі егін жинау науқанының барысы қаралды.

Мәжіліс барысында аудан әкімі жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз етуді, әлеуметтік нысандарды жылыту отынымен дер кезінде қамтуды, сондай-ақ табиғи газ жүйесінде ешқандай іркіліс болмауын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Сондай-ақ биылғы күріш ору науқанын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өнімді ысырапсыз жинап алу үшін барлық қажетті техникалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: