Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл сайын тұтынушылардан келетін арыз-шағым азаяр емес

07.06.2024, 11:05 156

HALYQLINE.KZ

Тұтынушылардың құқығын қорғау – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Уақыт өткен сайын сауда нарығының аясы кеңейгендіктен тұтынушылардың да сұранысы ерекше артып келеді. Алайда, азаматтардың құқықтарын қорғау ең басты міндеттердің бірі екені сөзсіз.

Жалпы, жыл басынан бері тұтынушылар тарапынан 203 өтініш келіп түскен. Аталған өтініштер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимурзаев хабарлады.

– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департамент тиісті жұмыстарды жүргізуде. Дегенмен, жыл сайын тұтынушылардан келетін арыз-шағымдар азаяр емес. Оның басты себебі – көлеңкелі сауданың құрбаны болып, алаяқтарға алдануы, тұтынушы өз құқығын білмеуі және чек талап етпеуі. Өткен жылы тұтынушылардың құқықтары бұзылу бойынша 114 өтініш келіп түссе, жыл басынан бері 203 өтініш қаралды. Оның ішінде 60 өтініш қанағаттандырылып, 71 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Осының нәтижесінде, тұтынушыларға барлығы 6,4 млн теңге көлемінде қаржы қайтарылды. Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларының сапасы мен анықтамасының талапқа сай келуін қадағалау мақсатында «Сапалы өнім» жобасы жүргізілуде. Бүгінде «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Аталған заңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады, – деді Нұрлыбек Шонжарұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: