Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмыссыздар саны 160 есе өскен

13.08.2020, 9:00 484

HALYQLINE.KZ «2020 жылы әлемдік жұмыссыздық деңгейі іс-шаралар мен саясаттың одан әрі дамуына тікелей байланысты. Жыл аяғында бұл көрсеткіш халықаралық қаржы ұйымы болжаған 25 миллионнан да жоғары болуы мүмкін» деген еді халықаралық еңбек ұйымы.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің хабарлауынша, 2020 жылдың ІІ тоқсанында жұмыссыздар саны бағалау бойынша 454 мыңды құраған, уақытша жұмыссыздар саны 368,5 мың адамды құраған.
Бүгінде елімізде экономикалық белсенді халық санатына жататын 8,7 млн адам жұмыспен қамтылған. Олардың арасында 6,7 млн адам (76,5%-ы) – жалдамалы жұмысшылар. ХЕҰ әдістемесі бойынша жұмыссыздар саны 454 мың адамды құрап отыр. Бұл – жұмыссыздық деңгейінің 5 пайызы.

Естеріңізде болса, пандемияның алғашқы басталған уақытында Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер:

– Дамыған және дамушы елдерде жұмысшылар мен кәсіпорындар табыс апатына ұшырайды. Біз тез шешім қабылдап, бірге әрекет етуіміз керек. Жаңа зерттеулерге сәйкес, жұмыстан босатылғандар санының күрт өсу қаупі бар салаларда, жалақы аз және жұмыс уақыты қысқарған кезде 1,25 млрд адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі аз төленетін біліксіз жұмыспен айналысады және олар үшін кенеттен табыс жоғалтуы да ықтимал. Халықаралық ынтымақтастық 75 жылдан астам уақыт ішінде ең ауыр сынақтан өтуде, – деген болатын.
Алғашқы тоқсан аяқталды, ІІ тоқсанда І тоқсанмен салыстырғанда уақытша жұмыссыздар саны 160 есе өскен. Оған себеп жұмыстарының тоқтап қалуы, кәсіпкерлік, өндіріс нысандарының шығынға батуы және т.б. Олардың 23,1%-ы сауда саласындағылар, 12,3% – білім, 8,6% – құрылыс, 8,2% – басқа қызмет (шаштараз, сұлулық салоны, шағын тұрмыстық қызметтер), сәйкесінше 8,1%-ы көлік, қызмет көрсету және тамақтану саласындағылар.
Сондай-ақ, жұмыс көлемінің төмендеуінен негізгі жұмыс орнында аз сағат жұмыс жасайтындар саны 21%-ға, яғни 339,6 мың адамға өскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: