Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмысшы мамандық иелеріне қай салада көп айлық төлейді?

01.03.2025, 7:44 26

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда жұмысшы мамандық иелерінің айлығы туралы деректер келтірді.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

-Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандардың ең көп саны саудада жүр – 856 мың адам. Өнеркәсіпте 670 мың, ауыл шаруашылығында 559 мың, көлік және қойма саласында 419 мың адам кәсіптік-техникалық білімі бойынша еңбек етіп жүр. Жұмысшы кәсіптер арасында орташа жалақының жоғары деңгейі өнеркәсіпте – 588 мың теңге. Қаржы саласында 531 мың теңге және көлік саласында 403 мың теңге, – деді ол.

Вице-премьер ел экономикасында 2,4 млн азамат жұмысшы мамандықтан несібесін айырып жүргенін атап өтті.

“Азаматтарды жұмыспен қамтудың өсуіне кәсіптік-техникалық даярлық ықпал етеді. Соңғы 10 жылда кәсіптік-техникалық білім бар қызметкерлердің үлесі жұмыспен қамтылған жалпы халықтың 49 пайызына жетті. Өсім – 17 пайыз. 2030 жылға дейінгі болжамдар бойынша, 1,8 млн жас қазақстандық еңбек нарығына шығады. Оларды қажетті дағдыларға баулу маңызды. Еліміздің бірқатар өңірінде еңбекке қабілетті халықтың, әсіресе жастардың кетуі байқалып отыр. Бұл стратегиялық маңызды салаларда жұмыс күшінің жетіспеуіне әкеледі”, – деді Ермек Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: