Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жосалыда жәрмеңке өтті

21.10.2024, 16:20 79

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде «Алтын күз-2024» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімі Жандос Еркінбек жәрмеңкені аралап, өнімдердің бағасын тексеріп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен еркін әңгімелесті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 123,7 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері 49 жүк көлігімен жеткізілді. Оның ішінде 25 тонна ақ күріш, 2,7 тонна ет және балық өнімдері, 45 тонна бақша дақылдары, 5 тонна күріш қалдығы және 18 тонна көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды.

Жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар өнімдердің сапасына және қолжетімді бағасына ризашылығын білдіріп, саудаға белсенді түрде қатысты. Онда тұрғындарға сапалы әрі экологиялық таза өнімдер қолжетімді бағамен ұсынылды.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: