Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол ақысын тиімді бағада төлеуге болады

18.01.2021, 16:50 466

HALYQLINE.KZ Енді жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады. Аталған оператордың қызметін қолдану арқылы жолаушылар 10 теңге үнемдей алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Alempay» ЖШС-і филиал директорының орынбасары Абат Бахытбекұлы баяндады.

Бүгінде қаладағы қоғамдық көлікте жол жүру құны – 90 теңге, ал электронды төлем жасаушылар үшін 85 теңге көлемінде бекітілген.

– Біз жолаушыларға электронды төлем жасау түріне көшуге кеңес береміз. Бұл арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады. Тиісінше электронды жүйені қолдану арқылы төлемнің тиесілі орынға түсуіне септігін тигізе аласыздар. Сондай-ақ, қанша жолаушы қоғамдық көлік қызметін пайдаланғандығын есептеуге мүмкіндік туады. Біздің мақсатымыз – қызмет сапасын арттыру», – деді Абат Бахытбекұлы.

Тұрғындардың ұсынысына сәйкес, барлық банк карталары мен қосымшалары және ұялы байланыс операторлары арқылы де төлем жасауға болады. Бұл QR код немесе СМС жолдау арқылы жүзеге асады. Ескеретін жайт, аталған жүйемен есептесу автобус паркіне қарасты 5 бағытта қызметкен көрсететін автобустарға ғана қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: