Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде «Сотталғанарды кепілге алу және қашу кезіндегі жеке құрамның әрекеті» тақырыбы бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Оқу жаттығудың негізгі мақсаты – мекеменің жеке құрамын төтенше жағдайларды кесіп өту үшін шебер және шешуші іс-қимылдарға үйрету, әртүрлі жағдайларда қызметтік міндеттерді орындау кезінде жауынгерлік тәртіп элементтерін пысықтау, сондай-ақ жедел шараларды ұйымдастыруда жедел штаб мүшелері мен жеке құрамының дағдыларын жетілдіру және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде мекеменің басшы құрамына практикалық көмек көрсету.
Оқу-жаттығу барысында тактикалық әдістер пысықталып, жеке құрамды жылдамдыққа, төзімділікке, тапқырлыққа және жергілікті жерге бағдарлауға жаттықтыру жүргізілді. Әр қызметкер кез-келген жағдайда жұмысқа дайын болу үшін өзінің кәсібилігін жоғары деңгейде ұстауы керек.
«Мұндай жаттығулар қызметтік даярлықтың ажырамас бөлігі болып табылады» деп атап өтті режим және күзет бөлімінің бастығы, әділет майоры А.Төребеков.
Өткізілген тактикалық-арнайы оқу-жаттығулардың соңында басшылар тарапынан іс-шара барысы зерделеніп, қорытындысы шығарылды. Қорытынды бойынша № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамының кәсіби даярлығы оң нәтижие берді деп бағаланды.
Жеке құрамның кәсіби шеберлігі шыңдалды.
23.05.2024, 12:30 378
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!