Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке басында 5 бірдей картасы бар қазақстандықтардың төлемдері тексерілмек

14.02.2025, 10:50 70

Қазақстандықтардың банк картасына бақылау күшеймек. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, енді бір банктен 5 немесе одан да көп картасы бар азаматтар назарда болады.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді бір банктен бірнеше карта ашқандарды заңсыз ақша айналымына қатысы болуы мүмкін деген арнайы санатқа кіргізеді. Қаржы ұйымдары бірнеше картасы бар клиенттің кімге ақша аударғанын, кімнен ақша түскенін тексеріп, ақпаратты сақтап отыруға міндеттеледі.

Құзырлы органдар бүгінде алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлер көбейгенін жиі айтады. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәлімдеуінше, осы мәселені шешуде жаңа заң септігін тигізе алады.

«Бұл шаралар негізінен есірткінің заңсыз айналымы тәуекелдерін барынша азайту мақсатында және дроперлер санын азайту үшін қабылданған. Осыған орай банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы қосымша мәлімет сұрауы мүмкін», – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының бас маманы Асқар Сейданов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: