Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы жинағы 13 триллион теңгеден асты

23.02.2021, 12:00 682

HALYQLINE.KZ 2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты, – деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

01.02.2020 жылдан бастап 01.02.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2  триллион теңгеден аса немесе 21%-ға өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,8 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 20%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 324,4 млрд теңге (өсім 29%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 13%) жетті.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейінгі бір ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 176,7 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148,5 млрд теңгеге артық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: