HALYQLINE.KZ Депутат Бақытжан Базарбек жер саласындағы олигархтар мен сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізуді ұсынды. Айтуынша, 30 жыл бойы көрінгендер қолында ауылдың жерлері қолды болып кеткен. Ол жерге бақылау жасайтын дербес агенттік құру керек деп есептейді.
– Заңсыз халықтың ауыл шаруашылық жерлеріне ие болғандар оны игермей, дереу оны сатуға, не банкке кепілге қоюға тырысатын. Екі ортада сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде зардап шеккен қарапайым халық және мемлекеттің муддесі. Сондықтан да алдағы уақытта жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет. Реформаның негізгі мақсаты халықтың жер қатынастарында құқықтарын күшейту және мемлекеттік қорғау болу керек, – деді Бақытжан Базарбек.
Осы орайда депутат келесі шешімдерді ұсынды:
- Біріншіден, жер кадастры мен ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелерінің аты-жөні ашық айтылуы тиіс. Мыңдаған, миллиондаған жерлердің иелерін, біз, Қазакстан халқы білу қажет.
- Екіншіден, Жерге бақылау жасайтын мемлекеттік орган әкімге де, ауыл шаруашылық министрлігіне де бағынбайтын, дербес, үкімет құрамына кіретін тәуелсіз, дербес жер ресурстарын басқару агенттігін құру қажет.
- Үшіншіден, мемлекеттік жер кадастрын бір қолға беру, яғни цифрлық даму министрлігінен жер ресурстарын басқару агенттігіне беру қажет.
- Төртіншіден, жер саласындағы сыбайлас жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін тергеу шараларын ұйымдастыру кезінде жемқор шенеуніктердің өз атында рәсімделген және заңсыз шығарылған жерлерін тәркілеп қана қоймай, сонымен қатар, жерді тәркілеу шарасын олардың әйелдері, ата-анасы, жақын бауырлары мен балаларының атында рәсімделген жерлерге тарату қажет.
- Бесіншіден, «Қазақмыс» корпорациясы, «Арселор Миттал Темиртау», «ТеңізШевройл», «Қарашығанақ» сияқты ірі компаниялардың жер қойнауы контрактілері мен жекешелендіру шарттарын жариялауымыз қажет.
- Алтыншыдан, жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін ЕГКН электрондық порталдың платформасында заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен алаяқтықпен жермен жасалған шарттарды онлайн мемлекеттік тіркеуді буғаттау және бас тарту жүйесін енгізу.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!