Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ыстық суға қосу жұмыстары қарқынды

24.12.2024, 18:10 56

HALYQLINE.KZ

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ауқымды жобаға Мемлекет басшысының қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен Үкімет резервінен 26 млрд 200 млн теңге бөлінген болатын. Ыстық сумен қамту екі кезең бойынша атқарылады.

Жуырда алғашқы болып «Сол жағалау», «Астана» мөлтек аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлер ыстық суға қосылды. Жыл соңына дейін жоспарға енгізілген өзге де көпқабатты үйлердің тұрғындары ыстық суға қол жеткізеді.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай көпқабатты тұрғын үйлердегі ыстық су қосу жұмыстарының барысын қадағалап, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Өжірелердегі жүйелердің толық және сапалы ауыстырылуын мердігер мекеме басшыларына қатаң тапсырып, бұл жұмыстар аймақ басшысының тікелей бақылауында екендігін жеткізді.

Ерекше атап өткен жөн, ыстық сумен қамту арқылы тұрғындар электр энергиясы мен қаржы үнемділігін реттейді. Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердегі су қысымы жоғарылайды.Сол арқылы ауызсу мәселесі оңтайлы шешіледі. Өжірелердегі барлық жүйелер мердігер мекеме тарапынан тегін жаңартылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: