Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлытау: шахтада апат болып, 7 адам қаза тапты

18.02.2025, 8:55 101

HALYQLINE.KZ

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы»ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды. Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасының құлаған.

– Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелері мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді, – деп жазды кеше түнде ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ал таңертең ТЖМ-ның хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның жеті жұмыскерінің денесін тапты. Олардың аты-жөні анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарды.

Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін ТЖ орнына шұғыл бару тапсырылды.

Ал, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: