HALYQLINE.KZ Дәл қазір Измирдегі жер сілкінісі бойынша Ердоған сөйлеп жатыр. Әр жыл сайын Түркияда 100 мың әлеуметтік пәтер салынады деді. Айлық төлем 894 лира (46 мың теңге) болмақ. 46 мың теңге! 20 жылға бөліп төлеп, соңында пәтердің иесі болуға арналған бағдарлама.
Қазақстанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 3 мың пәтер, 2019 жылы 4 мың пәтер салу жоспарда болған. Ал пәтер кезегінде тұрғандар саны 300 мыңның үстінде.
Ердоған программасы бізде болғанда пәтер кезегінде тұрғандар санын 3 жылда шешуге болады екен.
Неге мұнай мен газы, ураны жоқ Түркия жылына 100 мың әлеуметтік пәтер сала алады? Ал халқы 18 млн, оның 40% ауылда тұратын Қазақстан «Нұрлы жер» бойынша бар болғаны 4 мың пәтер ғана сала алады?
Мүмкін Ердоғаннан үлгі алуы тиіс біздің элита?.. Ердоғанның жылына 100 мың пәтер салуға шамасы жетіп, Түркиядан бай ел болып табылатын біздің «Нұрлы жердің» оған шамасы жетпей тұрғаны қызық жағдай. Кімдер басқарып отыр бізді?..
Бауыржан Серікбайдың фейсбук парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!