Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұтынушылар құқығы қорғалуда

09.04.2021, 12:30 365

HALYQLINE.KZ Өңірдегі тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жыл басынан бері 51 өтініш түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

Аталған арыздардың басым бөлігі бөлшек сауда, көлік және коммуналдық қызметтер, интернет саудасына байланысты жолданған. Шағымдардың 36-сы қанағатандырылыпты. Нәтижесінде тұтынушыларға 839 150 теңге көлемінде қаражат қайтарылған.

– Бізге келген азаматқа өз құқықтарын түсіндіріп, жазбаша түрде өтініш қабылдап аламыз. Содан кейін заңға сәйкес кімнің дұрыс-бұрыс екенін анықтаймыз. Ары қарай нақты іс-қимылға көшіп, азаматтардың тұтынушылық құқығын қорғаймыз, – деді Ерқасым Жайбергенұлы.

Айта кетейік, биылдан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Аталған жүйе тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, есепке алуға арналған. Кез келген тұтынушы www.e-tutynushy.kz сайтына кіріп, өтініш бере алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: