Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады

09.12.2025, 15:14 50

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығынан шалғай орналасқан Тасарық және Қызылқұм ауылдық округтерінің халқымен кездесті.

Тұрғындармен өткен кездесулерде аудан әкімі алдымен ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен жүзеге асырылған жұмыстар және келер жылға жоспарланған жобалар жайында айтып өтті. Сондай-ақ елде жасалып жатқан жұмыстардың барлығы аудан халқының ауызбіршілігінің арқасында жасалып жатқандығын айтып өтті.

Халықпен кездесулерде кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде, Тасарық ауылының тұрғындары тарапынан Бозкөл-Тасөткел-Тасарық бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылға жедел-жәрдем көлігінің қажеттілігі, ал кәукейліктер елді мекендегі ауылішілік көшелерді асфальттау, электр желілерін жаңғырту сынды мәселелер көтерді.

Аудан басшысы айтылған әрбір сауалдар мен ұсыныстарға жеке-жеке жауап беріп, бірқатар мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, Бозкөл-Тасарық бағытындағы автомобиль жолын жөндеуге, жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мерзімі өтіп кеткендіктен жобаны қайта әзірлеуді, Кәукей ауылында келер жылға бір көшені асфальттау жұмыстары жүргізіп, электр желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар кезе-кезеңімен жүзеге асырылатынын, әзірге ауыл ішіне трансформатор орнатып беруге жұмыс жасалатындығын жеткізді. Ал, Тасарық ауылына жуық арада жедел-жәрдем көлігі берілетіндігін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: