Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

20.02.2025, 17:55 71

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен жеке қабылдауға қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев және қалалық полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев қатысты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына негізделген қабылдауда 40-қа жуық азаматтың өтініші қаралды. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар мәселелерін жеткізді. Басым бөлігі тұрғын үй алу, жол, көше жарығы және жер кезегі туралы сауалдарын жолдады.

Шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы көтерілген мәселелерге жауап беріп, шешу жолдарын қарастыруды жауапты басшыларға тапсырды. Ал, қалалық мәслихат төрағасы мен қалалық полиция басқармасының бастығы қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: