HALYQLINE.KZ –| Қазіргі таңда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының 4 елді мекені: Жаңатұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы, қызыл судан 620 үйге зақым келген. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000-ға жуық.
Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елді мекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елді мекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетілуде.
Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!