Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміржол саласындағы цифрлық дәуірге қадам

08.10.2025, 1:13 171

«Марал-Нұр» ЖШС Қазақстан теміржол саласында жиырма жыл бойы сапалы қызмет етіп келе жатқан жетекші операторлардың бірі.

Компания аймақаралық «Қызылорда – Павлодар» және «Жезқазған – Астана» бағыттарында тұрақты қатынастарды қамтамасыз етеді.

Биыл Қызылорда қаласында заманауи «Цифрлық депо» кешенін іске қосу жоспарда бар. Дәл қазір 90% жұмысы аяқталған.

Бұл жоба — жолаушылар вагондарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама.

Кешеннің ерекшелігі — жөндеу процесінің барлығы цифрлық басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл шешім қызмет сапасын арттырумен қатар, уақыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: