Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

21.07.2025, 0:30 167

Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің тапсырмасымен аудан аумағында жүйелі түрде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тазалық жұмыстарына аудан орталығы мен барлық ауылдық округтер, дербес бөлімдер, білім беру және жастар ұйымдары мен еріктілер белсене қатысты. Санитариялық тазалық барысында көшелер мен қоғамдық орындарды әктеу және ретсіз өскен өсімдіктерді жұлу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тасталған қоқыстар арнайы техниканың көмегімен ауыл аумағынан шығарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: