ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАЛАДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында әр сенбі сайын қала көлемінде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.
Бүгінгі сенбілікке мекеме, кәсіпорын ұжымдары, кәсіп иелері мен кент, ауылдық округ тұрғындары және ерікті жастар, жалпы 164 мекемеден 1630 адам атсалысып, 18 арнайы қоқыс жинайтын техника жұмылдырылып, тазартылды. Нәтижесімен орталық полигонға 190 м3 қоқыс шығарылды.
Қала тазалығы – баршамызға ортақ! Сондықтан, қала тұрғындарын сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағындағы тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз!
Таза Қазақстан: Қалада жаппай сенбілік өтті
03.08.2024, 15:00 204
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!