Ертең, яғни 22 ақпан күні Тасбөгет кентінің орталық алаңында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.
Жәрмеңке сағат 10:00-ден басталады. Онда өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары төмен бағада сатылатын болады.
Ертеңгі жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік тауарларының бағасын төмендегі кестеден көре аласыздар.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!