Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңіріндегі қалалар ауызсумен толық қамтылған

13.02.2025, 8:55 101

HALYQLINE.KZ

Кеше Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен қалалар мен ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кеңес өтті. Басқосуда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сыр өңіріндегі қалалар түгелдей 100 пайыз ауызсумен қамтылғанын, ал облыстың ауызсумен қамту көрсеткіші 98,6 пайызға жеткенін айтты.

Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Өткен жылы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылмаған 27 елді мекеннің екеуіне су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Екі ауылдан елді мекен статусы алынып, оңтайландырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалған 23 елді мекенге жыл соңына дейін сапалы ауызсу жеткізу үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Биыл Ерімбетжаға, Тастүбек, Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне таза ауызсу қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: