Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінде мереке күндері 60-қа жуық сәби дүниеге келді

04.01.2023, 16:05 226

HALYQLINE.KZ Жаңа жылдық мереке күндері Қызылорда облысы бойынша барлығы 58 нәресте дүниеге келді. Оның 28-і ұл бала болса, 30-ы – қыз бала. Ал 2023 жылдың алғашқы сағаттарында Балназым және Гүлназым есімді егіздер туылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова хабарлады.

– Мереке күндері дүние есігін ашқан нәрестелердің жағдайы жақсы. Қазіргі таңда сәбилер мен олардың аналары толық дәрігерлердің бақылауында. Жалпы облыстық перинаталды орталығында нәрестелерге көмек көрсететін арнайы палата, 55 төсек-орындық «Нәрестелер патологиясы» бөлімшесі және жансақтау бөлімшесі жұмыс істейді. Жағдайы орташа ауыр және қосымша көмекті қажет ететін сәбилер 2 сағат жаңа туған нәрестелерді реанимациялау тобында бақылауда болады. Айта кетейін, республика бойынша мұндай қызмет көрсететін палаталар Ана мен бала орталығында алғаш іске қосылды. Аталған бөлімшелер жоғары сападағы заманауи құрылғылармен жабдықталған. 2023 жылдың алғашқы сағаттарында дүние есігін ашқан алғашқы егіз қыздар туғандағы жағдайы ауыр болуына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бүгінгі таңда олардың жағдайлары бірқалыпты. Дәрігелер тиісті ем-шараларды жүргізуде, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Миранбайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: