Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты.
28-29 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда.
Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.
Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.
Жалпы, жәрмеңкеге 70 жүккөлікке тиелген 80-ге жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілері құны 270 млн. теңгені құрайтын 600 тоннадан астам өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылады.
Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімі, 30 тоннадай балық өнімі, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімі, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімі жөнелтіледі.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Сыр елінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!