Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды

13.03.2025, 16:05 47

HALYQLINE.KZ

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда «Шардара» су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 500 текше метр су жіберілсе, оның 200 текше метрі «Көксарай» су реттегішіне алынуда. Облыс аумағына секундына 378 текше метр су келіп түсуде. Ықтимал су тасқынының алдын алудың кешенді шаралары үйлестіріліп, «2024-2025 жылдардағы қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзеніндегі үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу» жоспары бекітілді.

Өзен суы магистральді каналдар мен көлдер жүйесіне жіберу арқылы реттелуде. Су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілген. Тасқынға қарсы қажетті материалдық-техникалық қор да, халықты көшіру пункттері де дайын. Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.

Облыс бюджетінен 139 млн теңге бөлініп, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен жасалған келісімшартқа сәйкес 2 тікұшақ дайындыққа келтірілді. Мұз жарумен айналысатын арнайы мамандандырылған мекемемен келісімшарт жасалған. Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттеріне облыстық бюджеттен 130 млн 500 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыс жүргізілді. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 20 нысан жөндеуден өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: