HALYQLINE.KZ Жыл басынан 29 қаңтардағы жағдай бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының индексі 100,8%-ды (ҚР- 101,3%) құрап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда өңірлер арасында төменгі үштікке жайғасқан.
19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бірқалыпты.
Бүгінгі күні бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында несие (заем) беру арқылы шаралар қабылдануда.
Мемлекет тарапынан азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорының ресурстары арқылы шаралар қабылданады.
Айналым схемасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, 3 кәсіпкерлік субъектілеріне облыстық бюджеттен 400,0 млн теңге бөлінді.
Бүгінгі күні облыстың тұрақтандыру қорында 2193,1 тонна өнім сақталып, сатылуда.
Тұрақтандыру қорының өнімдері Қызылорда қаласында орналасқан 29 әлеуметтік дүкен мен 1 әлеуметтік маркеттерде және Қызылорда қаласының 5 ірі супермаркеттерінде («Мирас», «Аль-Асад», «Анвар», «Қызылорда Оптомаркет», «Ажар-Сити») келісім бойынша ашылған әлеуметтік бұрыштарда сатылуда.
Қажетті көлемде жұмыртқамен қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізіп, 23 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін 9,2 миллионнан аса жұмыртқа өңірге жеткізіліп, сауда орындарына таратылды.
Тауық жұмыртқасы әлеуметтік дүкендерде, әлеуметтік бұрыштарда 31 теңгеден, ал қалған дүкендерде категориясына қарай 45-48 теңгеден сатылуда.
Қазіргі таңда, облыста жағдай тұрақты, сауда орындарында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, азық-түлік өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!