Ақмола облысының әкімдігі Щучинск қаласында болған оқиғаға қатысты жаңа деректерді жариялады. Онда бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысынан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті.
– Жедел деректерге сүйенсек, барлығы 26 адам зардап шекті, оның ішінде 7 адам қаза тапты (марқұмдардың арасында 16 жастағы қыз бар). 13 адам Бурабай аудандық ауруханасында жатыр. 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы желісі бойынша қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталған.
– Барлық қажетті ресурстар жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмек, санитарлық авиация оқиға орнына жіберілді. Облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді, — делінген әкімдік ақпаратында.
Облыс әкімдігі сондай-ақ ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.
Дереккөз: inbusiness.kz
Фото: видеодан алынған кадр
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!