Кеше Шиелі кентінің орталық стадион аумағында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімдігінің қолдауымен жеке кәсіпкер Қуаныш Стиев «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен келісімшартқа отыру арқылы облыстық тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін алып келіп, аудан халқына қолжетімді бағада ұсынды.
Аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов және Шиелі кентінің әкімі Аманкелді Өмірәлі жәрмеңкеге арнайы қатысып, тұрғындардың сұраныстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылады.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындарына 10 тн ұн, 8 тн картоп, 1,5 тн жуа, 0,5 тн сәбіз, 0,5 тн күріш, 300 литр шемішке май өнімдері базар нарығынан 10-15% төмен бағамен ұсынылды.
Сонымен қатар тұрақтандыру қорынан бөлек ауданымыздың тауар өндірушілері де жәрмеңкеге қатысты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінен бөлек 100 кг бал, 200 кг шұжық және 200 кг балық өнімі сатылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!