HALYQLINE.KZ Жыл басынан бері аудандық бюджеттен 62 млн 295 мың теңге бөлініп, Шиелі кенті бойынша 5 көшеге – Б.Майлин, Каримбаев және ГРЭ-2, Досанов, Жарыкбаев көшелеріне және Ш.Есенов – Әбдікәрімов көшелерінің аралығына орташа жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізілсе, 27 көшеге, яғни Ботабаев, Яссауи, А.Молдағұлова, Тәттімбет, Н.Бекежанов, К.Бегманов, 12 көше ГРП 23, Ағыбай батыр оңтүстік беткейі, Ағыбай батыр солтүстік беткейі, М.Жұмабаев, Саин, Шәкәрім көшелеріне, сондай-ақ Алтынсарин тұйығы, Дулатов Тұйығы, Аймауытов тұйығы, Кәрімбаев тұйығы, Абылайхан тұйығы, Н.Бекежанов тұйығы, ГРП-23 тұйығы, Есабыз тұйығы, Қалдыбаев тұйығы, Ы.Жахаев көшесінің аяғы, Тәттімбет-Б.Майлин көшелерінің аралығы, Қаратаев-М.Әуезов көшелерінің аралығы, Тәуелсіздік КТУ аралығына жәй жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 74 млн 628 мың теңге бөлініп, 7 көшеге – К.Татенов, Қ.Қожасов, А.Айтенов, М.Молдастанов, А.Оспанов-ГРЭ-23, Палымша көшелеріне және Қ.Қожасов тұйығына орташа жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізілді.
Қосымша аудандық бюджеттен 115 млн. теңге қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 6080 метр 14 көшеге орташа жөндеу (асфальт), жай жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!