Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде 3 отбасына тұрғын үй кілті табысталды

26.11.2020, 17:15 1221

HALYQLINE.KZ Бүгін Шиелі ауданында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында балалардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Кеңеске «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі, кеңес төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Абдукаримов Мейрамбек Жақсылықұлы, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбішев Еркін Жұмаханұлы, облыстық Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығы Ибраев Бауыржан Әшімұлы, облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Жүнісова Шолпан Оралбайқызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының әдіскері Мырзаханова Мира Айтжанқызы, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы консультанты, кеңес хатшысы Жаппасбаев Алибек Бахытжанович, Облыстық жастар ресурстық орталығы бөлім басшысы Абдрахманова Сымбат Нұртайқызы және де аудандық мемлекеттік органдар басшылары мен жауапты тұлғалары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, шаруа қожалық төрағалары мен ірі және орта кәсіпкерлік өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы көшпелі кеңесті ашып беріп, кеңеске төрағалық жасау үшін сөз кезегін«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, кеңес төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызына берді.

Кеңес барысында «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Маханбет Патима Шаймерденқызы, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағанбетов, Ақмая ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жосанова Улжан Амандыковна, Шиелі аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жауапты маманы Ақжарқын Жұмаханқызы, аудандық білім бөлімінің жауапты маманы Жылқыбаева Назира Шарапатәліқызы, сондай-ақ, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Шахмардан Нығметов Мақсұтұлы баяндама жасап, өз кезектерінде өзекті мәселелерді ортаға салды.Айта кетерлігі, шара соңында аудан әкімі «Гежуба Шиели Цемент» Компаниясының бас басқарушысы У Чжень Хуаның қолдауымен «Менің елім – Менің тірегім» қорына 150 планшет табыстады.

Оған қоса, «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Дәулет Жұмбековпен бірге 2 отбасыға тұрғын үй сертификаттарын, «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаевпен бірге 1 отбасыға тұрғын үй сертификатын табыстады. Тұрғын үй салуға қолдау көрсеткен барлық демеушілер мен қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға белсенді атсалысып жүрген жауапты мамандар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: