Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шенеуніктер өздері төмен жалақы алатын болса, ЕТЖ-ны көтеру керек дер еді

16.09.2025, 9:45 182

HALYQLINE.KZ

«Ең төменгі жалақыны жай ғана көрсеткіш деп айтуға болмайды. Оның мән-маңызы – жұмыс беруші өз қызметкерінің толық айлық жалақысын осы мөлшерден төмен белгілей алмайды. Осы арқылы мемлекет жұмысшылардың құқын қорғайды, еңбек қатынастарын реттейді. ЕТЖ зейнетақыларды, жәрдемақыларды, ауруханалық, басқа төлемдерді есептеуге әсер етеді, өйткені оның көбі осы көрсеткішке байланысты есептеледі. ЕТЖ-ны өсірсе, осы аталған әлеуметтік төлемдерді де өсіруге тура келеді. Үкімет сондықтан биыл ЕТЖ-ны өсірмей, осы қалпында қалдыруды ұйғарды. Кейбір салықтар мен төлемдер, мысалы, әлеуметтік салық немесе зейнетақы жарналары ЕТЖ негізінде есептеледі. Өз басым, экономист-сарапшылардың ЕТЖ-ны өсіріп, жоғары жалақы алатындардың жалақысын төмендету керек деген пікірін қолдаймын. Мысалы, қазір біздегі министрлер мен депутаттарға еңбек өтіліне қарай 1 млн, 1,5 млн теңге жалақы төленеді. Квазимемлекеттік компаниялардың басшылары да жоғары жалақы алады. Осы жоғары жалақы алатындардың статистикасы қосылып, жалпы саны шығарылып есептелгенде елде орташа жалақы мен жоғары жалақы алатындардың саны өсіп жатқандай болып көрінеді. Егер біздегі шенеуніктер өздері төмен жалақы алатын болса, ЕТЖ-ны бірден көтеру керек дер еді. Қазір біздегі шенеуніктердің халықтың жағдайын сезінуі «нан жоқ болса торт неге жемейсіңдер?» деген мысқылды әзілге көбірек келеді. Сондықтан бұл көзқарасты өзгертіп, халыққа жақын болу керек».

Жанар КҮНТУҒАНҚЫЗЫ,

«Экономика және Құқық» институтының сарапшысы, әлеуметтанушы.

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірі)

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: