Кеше Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов жауапты сала өкілдерімен қаладағы сауда нысандарын аралады. Аралауда сауда үйлері мен базарлардағы санитарлық талаптардың сақталуы мен өрт қауіпсіздігі тексеріліп, баға тұрақтылығына байланысты түсіндірме жүргізілді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пакуатдин Сражадинұлы мереке қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу, бейберекет саудаға жол бермеу, сауда орындарының аумағында тазалықты сақтау және қауіпсіздік шаралары бойынша, оның ішінде кәсіп иелеріне лицензиясыз пиротехникалық жарылғыш заттарды сатқан жағдайда ереже талаптарын сақтамаған азаматтарға Қазақстан Республикасының тиісті заң талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылатындығы жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар, жауапты сала өкілдеріне сауда желілеріндегі қауіпсіздік пен баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау шараларын күнделікті жүргізуді қатаң тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!