Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сабалақты» газдандыру қолға алынды

15.07.2024, 8:30 177

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен қалада және оған қарасты әрбір елді мекенде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жемісін беруде. Соның бір дәлелі – шаһарға іргелес жатқан Сабалақ саяжайына табиғи газ жеткізу жобасы.

Аймақ басшысының тапсырмасымен қала әкімі Серік Қожаниязов саяжай тұрғындарымен кездесіп, ел игілігіне арналған жобаны жүзеге асыру кезендерімен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір бас мердігер АЕS end limited компаниясының арнайы техникалар мен мамандары жұмысты бастап кетті. Игілікті іс бекітілген мерзімде аяқталады. Қала әкімі мердігер мекеме басшылығына жұмысты сапалы орындауды қатаң тапсырды.

Бүгінде «Сабалақта» 4500-ден астам халық тұрады. 2 балабақша, мектеп, дәріхана, көлік жөндеу шеберханасы, автокөлік жуу, 10 азық-түлік дүкені, 2 жанармай құю бекеті, 2 демалыс орны, 2 монша жұмыс істеуде. Сонымен қатар, «Бегім-ай» өнер орталығы, №4 қалалық емхананың филиалы, 150 орындық қосымша білім беру орталығы іске қосылған.

Саяжайдың инфрақұрылымын дамыту мәселелері кезең-кезеңімен өз шешімін табуда. Биыл қала бюджеті есебінен ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын 15 көшеге жарықшамдар орнатылды. Күнделікті жолаушыларға жайлы жаңа қоғамдық көліктер қатынауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: