Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жылу мен электр энергиясының бағасы төмендеді

13.01.2021, 18:20 489

HALYQLINE.KZ Облыста жылу мен электр энергиясының бағасы төмендеді. Қалған коммуналдық қызметтердің бағасы өскен жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова баяндады.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК кәсіпорны 1 шаршы метрге 96,76 теңгеден 91,37 теңгеге дейін, ал есептегіш құралдары бар тұрғындарға 1 Гкал-ға 1989,42 теңгеден 1878,44 теңгеге дейін төмендетті. Яғни тариф 5,6 арзандады. Ал «Теміржолсу-Қызыл-Орда» ЖШС сумен жабдықтау қызметіне тариф тұрғындар үшін 1 текше метрге 53,37 теңгеден 48,99 теңгеге дейін немесе 8,2 пайызға төмендетілді. Аймақтағы 3 электр энергиясымен жабдықтаушы ұйым 1 қаңтардан бастап өз еркімен бағаларын төмендетті. Мәселен, «Энергосервис» ЕЖШС 2,2 пайызға, «Шиелі Жарығы» ЖШС 3,1 пайызға, «Дәулетэнерго» ЖШС 1,9 пайызға тарифті арзандатты.

– Газды бөлшек саудада өткізу бағасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 17 пайызға төмендетуге келісілді. Яғни, тұрғындар үшін мың текше метрге қосымша құн салығымен 20902,93 теңгеден 17351,52 теңгеге дейін төмендетілді. Алайда «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы қабылданған шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Осыған орай, сот шешімі шыққанға дейін бағаның енгізу мерзімі тоқтатылды. Нақты шешім қаңтар айының аяғында белгілі болады, – деді Гүлмира Өтегенова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: