Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада көшпелі сауда ұйымдастырылды

16.04.2020, 21:38 617

HALYQLINE.KZ –| Төтенше жағдай кезеңінде қала төңірегінде орналасқан саяжайларға жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай кезеңінде қала аумағында блок-бекеттер орналасуына орай, қалаға қарасты елді-мекен тұрғындарының қалаға кіріп-шығуына шектеу қойылды.

Осы ретте, қала әкімінің тапсырмасымен қаланың шет аймақтарында шоғырланған елді мекендердегі халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында, «Мирас» және «Анвар» сауда орталығының демеушілігімен арнайы жүк көлігі бөлініп,  қала төңірегінде орналасқан саяжайларға («Эделвейс», «Сабалақ», «ПМК-29», «Электромонтажник», Наурыз, Ақсуат, т.б.) нарық бағасынан 5-10% төмен бағада азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттармен көшпелі сауда ұйымдастырылды. Жалпы көшпелі саудаға  5 тонна көлемінде сұранысты қажет ететін өнім түрлері (азық-түлік: картоп, пияз, сәбіз, күріш, рожки, сүт, шәй, өсімдік майы; тұрмыстық заттар:сабын, ұнтақ, сіріңке, фейри, шампунь, т.б.) сатылымға шығырылды.

– Қазір бекеттерге тосқауыл қойылғандықтан қалаға өте алмай қалдық. Бүгін, міне бізге көшпелі сауда келгенін естіп, қажетті заттарымды алып жатырмын. Шемішке май, картоп, сәбізімді, т.б. алып жатырмын. Енді бізге жиі келіп тұрса екен, бағалары да тиімді, – деді саяжай тұрғыны Айнагүл Оразымбетова.

Бұған қоса, қаладағы 167 дәріханалардың ішінен «Еврофарм» ЖШС жылжымалы дәріхана қызметі қаланың шет аймақтарына шығып өз тауарларын халыққа ұсынуда.

Алмасбек Есмаханов, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:

«Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі кезінде қаланың кіреберіс жерлерінде 5 тосқауыл бекеттері қойылғандықтан, қаланың шеткі елді мекендерін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында бүгін жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырып отырмыз. Бұл бірінші кезекте карантин кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып, тұрғындар сыртқа бармай-ақ үйінің алдына келіп тұрған жылжымалы көліктен қолжетімді бағада қажетті өнімдерін ала алады. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде өз жалғасын табатын болады.      

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: