Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды. Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған.
«4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде», – делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.
«Балаларға үнемі отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаңыздар! Әсіресе электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіздер», – деді мамандар.
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!