Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 200 отбасы баспаналы болды

28.09.2020, 9:40 510

HALYQLINE.KZ Қала күнінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген несиелік үйлерді пайдалануға берді. Өңір басшысы кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.

Баспаналы болған тұрғынның бірі білім саласының маманы Ұлбала Мұстафаева қуанышымен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға пәтер иелері атынан алғысын жеткізді.

Қала күнінде берілген №3 тұрғын аймағындағы үйлер құрылысын «Бақ – Береке 2030», «Дәнекер», «Сапақ» және «Астана Сервис ЛТД» компаниялары жүргізген. Бес қабаттан тұратын 200 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы ауданы – 12 мың 619 шаршы метр.

Кейінгі жылдары Қызылорда қаласында 14 жаңа шағын аудан, 7 тұрғын үй кешені бой көтеріп, 10 мыңға жуық қызылордалық баспаналы болды. Соның ішінде тұрғын үй құрылысын еселеп арттырған Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада соңғы екі жылда республикалық, облыстық бюджеттерден 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 240 пәтерлік 4 көпқабатты несиелік тұрғын үйлердің, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың есебінен 604 пәтерді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Биылғы жылдың соңына дейін 680 пәтерлік арендалық 14 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 86 пәтерлік 1 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: