Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда және Қарағанды облыстарында күн станциялары мен ЖЭК іске қосылды

05.09.2025, 15:20 204

Премьер-министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов Президенттің негізгі тапсырмаларының бірі – жаңа энергетикалық қуат көздерін іске қосу екеніне назар аудартты.

Соған байланысты Үкімет 2035 жылға дейін жалпы қуаты шамамен 26 ГВт болатын жаңа энергия көздерін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Бүгінгі күні Қазақстанда 233 энергия көзінің 156-сы жаңартылатын қуат көздеріне жатады. Биыл жалпы қуаты 455,5 МВт болатын 9 жаңартылатын энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Жыл басынан бері Қызылорда облысында жиынтық қуаты 40 МВт құрайтын 2 күн станциясы және Қарағанды облысында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясы іске қосылды, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік, AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдап, Парламентке енгізгенін мәлімдеді.

Фото: Қызылордa облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: