Бұл туралы Қызылорда облысының энергетика басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Қызылорда облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ауызсу қызметінің тарифі жаңартылды.
Су есептегіші (счетчик) бар тұтынушылар үшін – 1 м³ су бағасы 30 теңгеден 70 теңгеге дейін көтерілді.
Су есептегіші жоқ тұтынушылар үшін – 1 м³ су бағасы 40 теңгеден 120 теңгеге дейін өсті
«Бүгінде тарифтің өсуіне байланысты Жаңақорған және Шиелі аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ал 2-3 сәуір күндері түсіндіру жұмыстары келесі аудандарда жалғасады: Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандары» делінген хабарламада.
Фото: egemen.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!