Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Көшелер көрікті кейіпке енуде

10.04.2020, 18:27 623

Қаладағы жиі көтерілетін мәселелердің бірі – жол мәселесі. Өткен жылы қала көлеміндегі 30 көшеге жергілікті бюджет қаражаты есебінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Әл-Фараби мөлтек ауданы бойынша 10 көшеге және Саяхат тұрғын ауданы бойынша 40 көшеге тасжол құрылысы жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын тауып республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қала аумағында 1 жол құрылысы және 36 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін магистральды жол құрылысының жалғасы және қала тұрғындарынан жол жөндеу мәселесі бойынша келіп түскен көптеген өтініштерге сәйкес КБИ, Шанхай, Титов, Гагарин Арай, Әл-Фараби, Қорқыт Ата тұрғын аудандарының көшелері қамтылды.

Қазіргі таңда, Арай м/а, Алпамыс көшесі, Гагарин тұрғын ауданындағы Гагарин, Бұдабай ақын көшелері және Қашаубаев тұйығы, Сәулет мөлтек ауданындағы Абдоллаев көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, Қорқыт ата тұрғын ауданындағы Тұран көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың – Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаламыздағы 109 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін ұсынылды. Ендігі кезекте республикалық бюджеттен, қажетті қаржы көлемі бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: