HALYQLINE.KZ Облыста «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 276 жоба жүзеге асырылуда. Жұмысқа 8891 адам тартылған. Жобалар аяқталғаннан кейін 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.
«Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылысқа жергілікті халықты жұмыспен қамтуды міндеттедік. Жоба жүзеге асқанда тұрақты жұмыс орнын ашуды да шартқа енгіздік. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтылуына тікелей бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында 1515 адамға техникалық және кәсіптік білім беріледі. 1 мың адам қайта оқуға жолдануда», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева.
Ал «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2272 адам жолданды. Оның 1400-і оқуды аяқтап, сертификат алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша 549 адам шағын несие алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!