Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтар ажырасудан алда тұр

20.02.2020, 18:01 513

БҰҰ-ның мәліметінше, Қазақстанда ажырасу дерегі көбейген, – деп хабарлайды «Хабар24».  

Зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, елімізде некелесу азайып, ажырасудың үлесі көбейіп кеткен.

2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін республика бойынша неке саны – 18%, ең көбі Шығыс Қазақстан облысында 28%-ға төмендегені белгілі болды.

Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары өзгелерден жиі ажырасады. Бұл өңірлерде ажырасу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары екені анықталған.

Ажырасу ең көп тіркелетін аймақ – республиканың оңтүстігі мен батыс өңірі. Бұдан бөлек, Қазақстанда бала туу көрсеткіші 2014 жылдан бері төмендеп келеді екен.

2017-2018 жылдары туу көрсеткіші 2008 жылдардан бергі көрсеткішпен салыстырғанда ең төмен болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: