Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда кімдер некесін тегін тіркей алады?

07.03.2025, 8:05 134

Жеңілдікті пайдалану үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АХАТ (АХАЖ) қызметі тек тууды, неке қиюды немесе қайтыс болуды тіркеумен шектелмейді.

АХАТ органдары жеке мәліметтерді өзгерту, әке болу фактісін анықтау және бала асырап алуды ресімдеумен де айналысады. Сонымен қатар бұл жерде құжаттардың түпнұсқасы беріледі, жоғалған немесе ұрланған жағдайда көшірмелерге тапсырыс бере аласыз, сондай-ақ бұрын тіркелген актілердің жазбаларын қалпына келтіре аласыз.

Бұл құжаттардың барлығы АХАТ мұрағатында 1 жылдан 75 жылға дейін сақталады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың жекелеген санаттары неке қиюды және өзге де азаматтық хал актілерін мемлекеттік баж төлемінсіз тіркей алатынын хабарлайды.

Оларға мыналар жатады:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
  • 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) тыл еңбеккерлері.
  • Басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимыл ардагерлері.
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
  • Бала кезінен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың немесе мүгедек балалардың ата-аналары, қорғаншылары (қамқоршылары).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: