Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақстанда кедей адам жоқ»: депутат әлеуметтік жағдай туралы пікір білдірді (видео)

28.01.2025, 8:35 59

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Adal ADAM youtube-арнасына берген сұхбатында елдегі кедейлік көрсеткіші туралы ойын атты. Сұхбат барысында отандық банктердің бірі дайындаған статистика талқыланған. Онда Астана мен Алматы қалаларындағы орта тап өкілдерінің пайыздық үлесі 4,4 пайыз екені айтылған. Депутат бұл дерекке сенбейтінін жеткізіп, кедейлердың саны аз деген тұжырым жасапты.

«Астана мен Алматы қалаларында орта тап өкілі 4,4 пайыз екеніне сенбеймін. Бұл санатқа мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер кірмейді, себебі олардың жалақысы 700 мың теңгеге жетпейтінін білеміз. 700 мың мен 1,2 млн теңгенің аралығында табыс табатындар кәсіпкерлер немесе ұлттық компанияда жоғары жалақы алатын азаматтар болу мүмкін, оның өзінде аз», – деді ол.

Сонымен қатар депутат Қазақстанда кедейлер саны аз екеніне күмәнмен қарайды. Айтуынша, елдегі кедейлік шегі айтарлықтай алаңдарлық емес.

«Шын мәнінде, кедей деген ұғымды қалай түсінеміз? Мен Африка құрлығындағы бірнеше елде болдым. Олардағы кедейлік деңгейі мен біздің дәрежені салыстыруға келмейді. Бізде кедей адам жоқ деп ойлаймын. Бар шығар, бірақ өте төмен пайыз. Табыс табамын, жұмыс істеймін деген адамға Қазақстанда мүмкіндік көп. Сондықтан 4,4 пайыз орта таптың емес, кедей адамдардың санын көрсететіндей», – деді Е.Саурықов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: