Биыл шілде айында Қазақстандағы әуе жолаушылар тасымалы қызметі бір жылда 10,5% қымбаттады. ЕnergyProm-ның хабарлауынша, өңірлер бойынша Жетісу облысында әуе жолаушылар тасымалы 52,7%-ға қымбаттады. Одан кейінгі орында Қызылорда облысы тұр. Оның әуе тасымалы 46,9%-ға қымбаттаса, Солтүстік Қазақстанда 15,9%-ға өскен.
Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейінде қалды. Еліміздің 20 өңірінің тағы 6 өңірінде: Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында әуе жолаушылар тасымалы қызметі арзандаған.
Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, әуе компаниялары 5,9 млн адамға қызмет көрсетен. Бұл былтырғыдан 27,8%-ға артық. Алматыда ең көп жолаушылар тасымалданды – 2 млн адам. Демек, бір жылда 28,5% көбейген. Одан кейінгі торында Астана (1,6 млн адам) мен Шымкент (555,6 мың адам) қалалары. Әуе көлігімен ең аз жолаушы тасымалданған өңір Алматы облысы. Бұл облыста бар болғаны 2,8 мың адам әуе кемесімен жүрген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!