Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
«Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!